Спорт • 04 Сәуір, 2021

Футзалшылар соңғы даярлықтарын пысықтауда

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 6 сәуір күні Мажарстанға қарсы ойнайтыны белгілі.

Футзалшылар соңғы даярлықтарын пысықтауда

Жерлестеріміз кеше Будапештке аман-есен жетті. Қазіргі кезде олар маңызды матч өарсаңындағы өздерінің соңғы даярлықтарын пысықтауда. Қазақстан құрамасының сапында мына футзалшылар бар: Қақпашылар – Игита («Қайрат») мен Нұрәлем Байдолла. Қапталдағы ойыншылар – Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Акбаликов, Дуглас Жуниор («Қайрат»), Тайнан («Спортинг», Португалия), Азат Валиуллин, Тимур Балтабаев («Аят»), Нұрбек Қарағұлов, Арнольд Кнауб («Ақтөбе»), Төрехан Досов («Байтерек»).

Ал қосалқы құрамда мына футзалшылар бар: Қақпашылар - Рауан Атантаев («Атырау») пен Ақжол Қайратұлы («Каспий»). Қапталдағы ойыншылар – Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Токаев («Атырау»), Ринат Төреғазин, Ерсұлтан Сағындықов, Антон Рындин («Аят»), Виктор Клинов («Байтерек»), Расул Қарбаев («Нұр-Сұлтан») және Владислав Черномордов («Ухта», Ресей).

Естеріңізге сала кетейік, Мажарстаннан кейін Қазақстан құрамасы 9 сәуірде Тель-Авивте Израильге қарсы ойнайды.