Қоғам • 07 Сәуір, 2021

Жайықтың жайы екі мемлекеттің назарында

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Ресейдің экология ведомстволарының басшылары Жайық өзенінің экожүйесін сақтауға арналған бірлескен шараларды пысықтады.

Жайықтың жайы екі мемлекеттің назарында

Экология, геология және та­биғи ресурстар министрі Мағ­зұм Мырзағалиев Ресей Феде­рациясы Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесіп, өзен бо­йын­дағы гидрологиялық жылна­малармен алмасуды ұсынды.

«Жайық өзеніне қатысты қор­даланған проблемалар су ша­руашылығы саласындағы ын­тымақтастығымыздың негіз­гі мә­селелерінің бірі. Өзен суы­ тартылуының алдын алу және экожүйенің нашарлауы бас­сейннің су шаруашылығы жүйе­сін кешенді зерделеуді талап етеді. Осыған байланыс­ты Жа­йыққа қатысты гидроло­гия­лық жылнамалармен алмасу тәжі­рибесін тұрақты негізде ен­гізуді ұсынамын», деді М.Мыр­зағалиев.

1981 жылға дейін Жайық өзеніне байланысты бірыңғай гидро­логиялық жылнамалық бол­са, 1982 жылдан бастап ҚазКСР мен РФКСР тер­ри­то­рия­­лары бойынша жеке-же­ке гидро­логиялық жылнама жүргізіліпті. Кеңес Одағы ыды­ра­ғаннан кейін әр мемлекет оны өз бетінше құ­рас­тыруға бел буды.

Тағы бір тетік ретінде ре­сей­лік тараппен бірлесіп, өзен бас­сейніне таяу орналасқан кә­сіпорындардың бірыңғай ті­зі­мін жасап, әр кәсіпорынның өзенге әсер ету деңгейіне талдау жүргізу ұсынылды.

«Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мен қалпына келтірудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы аталған бассейнге ластаушы зат­­­тарды төгетін кәсіпорындар анық­­талды. Олардың саны – 297. Бір­ыңғай реестр бүкіл өзен ба­с­сей­ні бойынша жағдайдың ке­шен­ді көрінісін жасауға мүм­кін­дік бе­реді», деді еліміздің бас экологы.

Ведомство басшысының ай­туынша, кәсіпорындарда ай­нал­малы сумен жабдықтау жүйе­сін, суды тазартудың тиім­ді жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруа­шы­лығында суды үнемдеу технологиясын енгізу маңызды бас­тама болады.