Моделді жүзеге асыруда ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты, өзара байланысты көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Бүгінде білімді өмір бойы жалғасатын тұрақты процесс ретінде қарастыру ерте дамытуды қамтитын икемді стандарттарды қабылдауды көздейді.
Сапа көрсеткіштерінің халықаралық құралдарын талдау негізінде 2025 жылға қарай тәуелсіз ұлттық бағалау құралдарын енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан моделді жүзеге асыру жоспарына ұсыныстарыңыз болса rcdd_info@mail.ru почтасына жолдауларыңызға болады.