«Агенттік «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп 2018 жылдан бастап «Protecting business and investments» жобасын жүзеге асыруда. Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері тап болатын барлық үдерістерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу», деп атап өтті А.Шпекбаев.
Оның айтуынша, бүгінде Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінде жалпы сомасы 38 млрд АҚШ долларынан артық болатын 650-ден астам инвестициялық және бизнес-жобалар бар.
Елдер бөлінісінде Қытай, Ресей, Германия, Түркия, БАӘ, АҚШ, Польша, Нидерланды және басқалары тұр. Іс жүзінде әр екінші жоба – өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларына, әр бесінші жоба – ауыл шаруашылығына тиесілі.