Әдебиет • 07 Сәуір, 2021

Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды

120 рет көрсетілді

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында 2021 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында болып, онда аталған кітапхана директоры Мамед Алиевпен кездесті.

Тараптар кітапхана өкілдері ұйымдастырған, сәуірдің 7-сі мен 14-і аралығында өтетін «Қазақ әдебиеті апталығын» бірлесіп ашты. Шараның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде М.Алиев бұл жобаның екі мемлекеттің мәдени және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосатынын айтты.

Өз кезегінде Сержан Әбдікәрімов екі ел жастарының болашағы үшін білім, кітапалмасу және ғылыми зерттеулермен алмасу бағытындағы байланыстарды кеңейтудің маңызы зор екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар кітапхана ісіне қатысты ғылыми-ақпараттық ынтымақтастықты белсендендіріп, осы бағытта ғылыми кітапханалар және Қазақстан мен Әзербайжанның мекемелері арасында тиісті келісімге қол қоятын болып уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлар қартайып барады

Қазақстан • Бүгін, 12:10

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар