Ғылым • 08 Сәуір, 2021

Ғылымға арналған айлық

444 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында сәуір айы «Ғылым және технологиялар» айдарымен өтуде.

Ғылымға арналған айлық

Елімізде Қазақстан Респуб­лика­сы Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына арналған іс-шаралар өтуде. Мерейтойды мерекелеу тұ­­жы­­рымдамасына сәйкес әр ай бел­гіленген жеке тақырыппен өте­ді. Атап айтқанда, Наурыз ел­дің ұлттық дәстүрлері мен мә­де­ниетіне арналса, ал сәуір айы «Ғылым және технология­лар» айдарымен өтіп жатыр. Бар­лық іс-шаралар мен жобалар мерей­тойлық жылдың басты идеясы «Жасампаздыққа толы жылдар» белгісімен өткізіледі.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл­ды­ғын мерекелеудің сәуір айындағы кес­­тесі оқуда, ғы­лым­да жоғары жетіс­тік­т­ерді көр­­сетіп жүрген жас талантты қазақ­стан­дықтарды таныту және қол­дау жөніндегі бірқатар іс-шара­ны қамтиды.

«Жастарға мықты тәуелсіз Қазақ­станды құруға оның өз білімін, уақыты мен күшін жұм­сауына қолайлы жағдай жасау қажет», деп атап өтті Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығын мерекелеуге дайын­дық жөніндегі мемлекеттік комис­сия­ның бірінші отырысында.

Бұл ретте Қазақстанда жас ға­лым­дарды қолдауға бағытталған бірқа­тар жоба іске қосылды.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры елі­міздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындары жанындағы үздік Жас ғалымдар кеңесі байқауын жариялады. Жеңімпазды анықтау кезінде байқау комиссиясының мүшелері жас ғалымдар кеңесінің бел­сен­ділігі мен жұмысының нәти­же­л­ілігіне қарай бағалайтын бо­­ла­ды. Сондай-ақ Қор Қазақ­стан­­­ның жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарында ғы­лым­ның, технологиялар мен тех­ни­каның басым бағыттары бо­йын­ша қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары мен жас ға­лымдардың жұмыстарын қар­жыландыруды ұсыну бойынша гранттар алуға конкурс жариялады.

Білім және ғылым министр­лігі қазақ­стандық ғалымдар­дың ғылым мен жаңа технология­лар­дың әртүрлі сала­ларын­дағы жетіс­тіктерін танымал ету бойын­ша GYLYM TALKS интер­нет-жо­басын іске қосты. Соны­мен қа­тар осы ай ішінде «Ақыл­ды ұрпақ» жас ғалымдардың онлайн форумын өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінде Қазақ­станның ғылым саласын­да 22 мыңға жуық маман жұмыс істейді. Қазақстанның ғылы­ми қызметкерлерінің 34%-дан ас­та­мын 35 жасқа дейінгі қыз­мет­кер­лер құрайды.