Тексеру барысында «ВАЗ» автокөлігінен балық аулау құралдары және 150 келіден астам заңсыз ауланған балық (шортан, көксерке, табан) тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі «балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.
- Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтаған. Жалпы 5 тоннадан астам балық тәркіленді, – деді облыстың бас полицейі Сағат Мәдиев.
Бүгінгі таңда заңсыз балық аулағаны үшін 7 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын сомасы 14 млн теңгеден асты.
Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады. Ал түскен табыс мемлекет қазынасына аударылады.