Спорт • 09 Сәуір, 2021

Юлия Путинцева төртінші кезеңге шықты

1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан «‎Volvo Cars Open»‎ турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева төртінші кезеңге шықты

Жүлде қоры 565 530 долларды құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде ұлыбританиялық Хэрриет Дарттан айласын асырған жерлесіміз келесі айналымда өзінің отандасы Зарина Диастан басым түсті. Үшінші кезеңде Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Бұл күндері әлемдік рейтингте 13 орында тұрған Испанияның өкілі кезінде Ролан Гаррос және Уимблдон турнирлерінде топ жарып, Аустралияның ашық біріншілігінің финалында өнер көрсеткен. Алғашқы сетте Мугуруса Путинцеваның 6:0 есебімен тас-талқанын шығарды. Екінші сетте есеп 2:2-ге жеткенде әйгілі теннисші аяғын жарақаттан алғаны салдарынан жарысты жалғастыра алмады. Осылайша, отандасымыз төртінші айналымға жолдама алды.

Енді Юлия Путинцева черногориялық Данка Ковинчич пен чехиялық Петра Квитова арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13