Айтулы додада Қазақстанның төрт балуаны боз кілемге шыққан еді. Өкінішке қарай, Эмма Тисина (57 кило) мен Жамиля Бақбергенова (68 кило) екі кездесу де жеңілістің кермек дәмін татып, жарыс жолынан шығып қалды.
Ал 53 кило салмақта өнер көрсеткен Татьяна Ахметова барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантып, Олимпиада жолдамасына иелік етті. Бастапқы бәсекелерде тәжікстандық Ватансұлтан Шакаршоева мен моңғолиялық Болотуя Бат Очирді ұтқан ол жартылай финалда кореялық Ким Хен Джуды жеңді. Осы орайда, соңғы екі бәсекеде жарақаты жанына батқанына қарамастан Татьяна жеңісті қарсыластарының уысынан жұлып әкеткенін айта кетуге тиіспіз.
62 кило салмақ дәрежесінде күрескен Аяулым Қасымованың да жолдама алуға жақсы мүмкіндігі болды. Бірақ жартылай финалда ол үндістандық Сонам Сонамға жол берді.