Бұл жарыста аса ауыр салмақта айқасқан Юсуп Батырмұрзаевтың финалға шығып, Олимпиада жолдамасына иелік еткені жайында бұған дейін де хабарлаған едік.
Юсуп Батырмұрзаев ширек финалда кореялық Ким Донгхванды ойсырата ұтып, жартылай финалда үндістандық Самит Самитке сан соқтырды. Осылайша ол Токиоға баратын балуандардың тізіміне қосылды. Финалда Юсуп моңғолиялық Лхагвагарел Мұңтұрдан басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Ал 86 кило салмақтағы Азамат Дәулетбеков бұл жарысты қола медальмен қорытындылады.
Сөйтіп, Қазақстанның еркін күрес шеберлерінің жеңіп алған жолдамалары саны беске жетті. Отандастарымыздың арасынан әзірге тек 86 кило салмақтағы балуандар осалдық танытуда.
Алматыдағы турнирде күрестің бұл түрінен Өзбекстан құрамасы тамаша өнер көрсетті. «Ала тақиялылар» төрт лицензияны өз қоржындарына салды.
Иранның апайтөстерінің үшеуі Жапонияға сапар шегетіндердің санатына қосылды. Сондай-ақ, Қытайдың екі және Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолиядан бір-бір өрен сондай құрметке