Ғылым • 12 Сәуір, 2021

Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз

288 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елден жырақтаған талай азаматымыз тарыдай шашырап кетсе де, Әлихандай алып тұлғалар тағдырдың айдауымен шетте жүрсе де ұлттық мүддеге, тәуелсіздікке қызмет етті. Ал бүгінгідей алысты жақын еткен техника мен технологияның заманында қай мемлекетте жүрсең де туған еліңнің дамуына үлес қосуға мүмкіндік бар. Мұны Әлия Оспанова базасында үш жарым мыңнан аса ғылыми журнал бар, әлемдегі ең ірі Elsevier ғылыми компаниясының Орталық Азия бойынша директоры болған кезде қазақстандық ғалымдарға белсенді қолдау көрсетіп дәлелдеген еді. Бұған дейін Microsoft, Ericsson секілді халықаралық ірі корпорацияларда басшылық қызметтер атқарған ол жақында Research Support Center деген атаумен зерттеушілерге қолдау көрсететін орталық құрды.

Әлия Оспанова: Қазақ ғалымдарына қолдау көрсетеміз

– Орталық небәрі бір жыл жұмыс істеп келе жатса да, ға­лым­­дар арасында тез танылды. Орталықтың мақсаты қан­дай?

– Орталығымыз ғылыми зерт­теу­лердің сапасын жақсартып, ғылыми қоғамдастықты оқыту және мемлекеттік стратегияны іске асыруға көмектесу арқылы тиім­ділікті арттыру мақсатында құ­рылды. Компаниямыз халық­аралық, яғни Қазақстан Респуб­ликасының ғалымдарына ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия ғылымының сапасын арттыруға атсалысуды көздейді. 

– Ғалымдарға қандай қолдау көрсетпексіздер?

– Негізі, Research Support Center-дің ғалымдарға, авторларға, тіпті универ­ситеттер мен кішігірім ұйымдарға тигізетін көмегі зор. Біз ғалымдарға арналған 2,5 ай­лық ақылы оқыту вебинарларын жүргіземіз. Вебинарларымыз ғалым­дар арасында өте танымал. Сон­дықтан айына бір рет тегін немесе өте арзан бағада қысқаша сабақтарды да өткіземіз. Сонымен қатар авторлардың публикациялық өнімділігін арттыру мақсатында Enago атты беделді халықаралық академияның ресми өкілі ретінде шығып, авторларға кем дегенде бір-екі әлеуетті ғылыми журналда өз жұмыстарын жариялауға көмек­тесеміз. Дәлірек айтқанда, оларды техникалық жағынан бақылауға алып, жұмыстарын халықаралық техникалық қағидаларға толықтай бейімдейміз. Одан басқа да көрсе­тетін қолдауымыз, көмегіміз, ғы­лым­ның дамуына қосар үлесіміз жетерлік. Себебі орталығымыз жалпы ғылыми қоғамдастыққа тек сапалы жұмыс көрсетуді мақсат етіп отыр. Біз ғылым саласында ғалымдарға міндетті түрде қажет болатын коғамдастықтар мен компаниялардың эксклюзивті арнайы дистрибьюторы саналамыз: OJS платформасы, Crossref-тің DOI идентификаторы, LMS системаларымен TurnitIn, Plagiat.PL антиплагиаттар жүйесі. Жалғастыра берсек, көпке созылуы мүмкін. Бірақ әрине біз үшін сапа сандық көрсеткіштерден бір саты жоғары тұр.

– Ғалымдар көмек немесе қолдау алу үшін қалай байланыса алады?

– Кез келген ғалым орталы­ғы­мызбен www.research-support-center.com ресми сайты арқылы байланыс орната алады. Ресми сайттың соңғы бетінде өзінің деректерін қалдырған жағ­дай­да, біздің қызметкерлеріміз бір күн ішінде міндетті түрде хабарласады.  

– Осыған дейін қандай жетістік­терге жетіп үлгердіңіздер?

– Бірнеше ай бұрын Research Support Center орталығы Enago академиясымен  бірлесіп, өте ма­ңызды халықаралық See The Future атты онлайн-форум ұйым­дастырған еді. Форум жоғары білім беру сапасын жақсарту және жетек­ші әлемдік рейтингтердегі жоғары оқу орындарының позициясын күшейту, ғалымдар мен авторларға жоғары квартиль журналдарында мақалалар жариялауға жәрдемдесу, халықаралық гранттар алу және ғылыми зерттеулерді ком­мерция­ландыру мәселелеріне оқыту мақ­сатында жүргізіліп, жүз­деген оң пікірлерге ие болды. See The Future онлайн-форумында Орталық Азия елдерінің Білім және ғылым министр­лік­терінің қолдауымен ұлттық университеттердің ректорлары қатысып, Нобель сыйлығының лауреаты Сэр Ричард Дж. Робертс, QS – Университеттердің әлемдік рейтингінің басшысы Квакварелли Саймондс, Гарвард университетінің Зерттеу сапасын бақылау бойын­ша бас маманы Ара Тахмасян және т.б. ғылым саласындағы әлем­дік ең ықпалды және беделді спикер­лермен дискуссияға түсті. Бұл – ғалымдарға шекараны бұзып, отан­дық ғылымды әлемдік аренаға шығаруына және өз карьерасын дамытуға ықпал ететін мүмкіндік. Бұған дейін әлемдік ғылымдағы беделді адамдардың мұндай кө­лемдегі жиналыстары Орталық Азияда, әсіресе Қазақстанда болған жоқ. Біз осындай әлемдік үлгідегі болашақ форумдарға жол аштық. Сондықтан соңғы жарты жыл ішінде болған ең басты жетістігіміз деп осы жұмысымызды атар едім.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Шыны керек, алдағы жоспары­мыз өте күрделі. Біріншіден, Research Support Center ғалымдар мен университеттерге ең керекті әлемдік компаниялардың ресми өкілі болғандықтан, сол бағыттағы іс-шараларды дамыту, портфолиомызды кеңейтуді көздеп отырмыз. Екіншіден, бізбен байланыс орнатуды көздейтін ғалымдардың қатары және қолдау көрсетуді қалайтын университеттердің саны күннен-күнге көбейіп келеді. Орталықпен қарым-қатынас орнату мүмкіндігін инновациялық шешімдермен алмастыру қажет. Қазірдің өзінде бізде оннан аса адам сұраққа жауап беріп отырса да, бұл жеткіліксіз болып тұр. Үшіншіден, қазақ ғалымдары үшін тегін және тиянақты мағ­лұмат беру жоспарымызда бар. Өкініш­ке қарай, «жыртқыш журнал­дардағы» мақалалар және басқа да мемлекетіміздегі пайда болған ғылым саласының мәселелері, көбіне білмегендіктен болады. Пайғамбарымыз айтқандай, ақылыңызды елге тарату – ең қасиет­ті сауап. Білгенімізді қазақ ғалым­дарына жеткізіп, тың идея­ларға бай, заман талабына сай келетін ғылыми ізденістерге мүмкін­дігінше қолдау көрсетеміз.

 

Әңгімелескен

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»