Қаржы • 12 Сәуір, 2021

Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

2828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев наурыз айында теңгенің әлсіреуінің себептерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

«Биылғы наурызда теңгенің айырбастау бағамы келесі себептермен бір АҚШ доллары үшін 424,97 теңгеге дейін 1,9 пайызға әлсіреді. Біріншіден, осы жылғы наурызда мұнай бағасы бір баррель үшін 63,54 АҚШ долларына дейін 3,9 пайызға төмендеді. Вакцинация қарқынының төмендеуіне, жаңа агрессивті COVID-19 штамдарының пайда болуына және барынша қатаң оқшаулау шараларына оралуға байланысты тәуекелдер энергия тасымалдаушыларға сұранысты қалпына келтіру бойынша инвесторлардың жоспарларына әсер етті. Биылғы наурыздың қорытындысы бойынша АҚШ-тағы мұнай қоры да артты»,  деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында.

Бұдан басқа, қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі аясында АҚШ доллары дамушы нарықтардың валюталарына қатысты нығаюда.

«Нәтижесінде, түрік лирасы 11,1 пайызға, Индонезия рупиясы – 2 пайызға, Ресей рублі 1,6 пайызға әлсіреді. Бұл ретте, санкциялар тәуекелдерінің күшеюі жалпы үрдістерден басқа Ресей рублінің теріс динамикасына ықпал етті. Бұл жағдайда республикалық бюджетке трансферттер бөлу аясында Ұлттық қор активтерін конвертациялау мен квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуы теңгеге қолдау көрсетті», деді Е. Досаев.