Оқиға • 13 Сәуір, 2021

Тұрлы­ханов президенттік қызметке қайта сайланды

179 рет көрсетілді

Күні кеше Алатау баурайында өз мә­ресіне жеткен Олимпия ойындарының лицензиялық турнирі аясында өткен құрлықтық конгресте Дәулет Тұрлы­ханов Азия күрес кеңесінің прези­денттігіне қайта сайланды.

Қазақтың даңқты балуаны Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионаттарының алтын, күміс және қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының күміс, 1992 жылғы Барселона Олимпиадасының қола жүлдегері болған.

Бүгінде Қазақстанның Грек-рим, еркін және әйелдер күрестері федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келе жатқан Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенттігіне екінші рет сайланды. Ол бұған дейін бұл қызметте 2017-2021 жылдары болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір шаңырақтан – үш майдангер

Руханият • Бүгін, 14:00

Қазақ дегеніміз – Бауыржан...

Руханият • Бүгін, 09:45

505-ші түрменің тұтқындары

Тарих • Бүгін, 09:15

Амманға аттанды

Спорт • Кеше

Ұқсас жаңалықтар