Аймақтар • 13 Сәуір, 2021

Алматының 4 ауданы интернетке қосылады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек сияқты Алматының бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсаратын болды. Бұл аудандарда  интернет жылдамдығы 90 Мбит/сек жетеді деп жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев осындай деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының  4 ауданы интернетке қосылады

Биылғы жылы ақпан айында Алматыда Digital Almaty цифрлық форумы барысында алдағы бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатынын айтылған болатын. Осы орайда интернет сапасын жақсарту жобасының арқасында 218 интернетсіз аймақтың мәселесі шешілді. Баян Қоңырбаевтың айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ компаниясымен бірлесіп алдағы мерзімде Алматы қаласының Алғабас (Алатау ауданы), Әлмерек (Түрксіб ауданы), Нұршашқан (Түрксіб ауданы), Таусамалы (Наурызбай ауданы) шағын аудандары интернетпен қамтамасыз етілетін болады.  

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38