Білім • 13 Сәуір, 2021

«Берік отбасы» бағдарламасы сегіз елдің оқу жоспарына енді

686 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында құрылған «Берік отбасы» бағдарламасы Орталық Азиядағы, сондай-ақ Иран, Пәкістан және Ауғанстандағы мектеп психологтарының оқу жоспарына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Берік отбасы» бағдарламасы сегіз елдің оқу жоспарына енді

UNODC Вена штаб-пәтерінде (БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы) отбасылық құндылықтарға арналған қазақстандық жобаға жоғары баға берілді. UNODC-тің 64-ші сессиясында тәуелсіз сарапшылар аймақтағы денсаулық пен әлеуметтік дамуға арналған тақырыптық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Қылмысқа және есірткінің таралуына қарсы негізгі факторлардың бірі ретінде отбасы миссиясына ерекше назар аударылды.

UNODC аймақтық кеңсесінің өкілі Рой Солтаниан Назарбаев Зияткерлік мектептерінде құрылған «Берік отбасы» бағдарламасының табыстылығын атап өтіп, тәуелсіз сарапшылар оның сегіз елдің мектеп психологтарына енгізуге ұсынғанылғанын айтты. NIS Балалардың игілігін қамтамасыз ету департаменті Oxford Brookes University-дің Дебби Ален және Линдси Кумбспен бірге ұйымдастырған тренингтердің бірі жайындағы тақырыптық бейнеролик 64-ші сессияда көрсетілді.

«Берік отбасы» –  UNODC (БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы) бастамасымен құрылған және 35-тен астам елде қажеттілігін дәлелдеген халықаралық жоба. – UNODC жасөспірімдерге қауіпсіз және игілікті орта қалыптастыруға, қауіпті және қоғамға жат мінез-құлық үлгілерінің алдын алуға, отбасылық құндылықтарды құрметтеуге мүдделі, – деп түсіндірді Қазақстандағы бағдарламалық кеңсенің ұлттық жобалық офицері Жанерке Омарова.

Республика көлемінде «Берік отбасы» өз жұмысын Зияткерлік мектептерден бастады. NIS-те құрылған және бірден бірнеше елге таралған дәл осындай бағдарлама адами құндылықтарға арналған. Мұғалімдер мен психологтар, ересектер үшін жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту күнделікті жұмысты қажет етеді. Сонымен бірге олардың бір-біріне сенімі қылмысқа, есірткіге, деструктивті құбылыстарға қарсы тұруға ықпал ететінін түсінуге көмектеседі.