Қазақстан • 13 Сәуір, 2021

Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері кездесті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері – Е. Тұрғымбаев пен В.Колокольцевтің кездесуі өтті, деп хабарлады Egemen.kz.

Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері кездесті

Полиция ведомстволарының басшылары екіжақты және көпжақты халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылатын ынтымақтастық бағыттарын талқылады.  

IT–технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды арттыру, интернет-қылмыстарға, оның ішінде пандемия жағдайында әлемде кеңінен таралған алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, психобелсенді заттар мен синтетикалық есірткілердің жаңа түрлері туралы жедел ақпарат алмасу саласындағы істердің жай-күйін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев Ресейдің ішкі істер министрі В.Колокольцевті қазақстандық полицияны реформалау барысымен таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ведомство басшылары болашақтағы ынтымақтастықты анықтады.