Кейінгі кезде ел телеарналарында отандық киноөнімдер жиірек көрсетіле бастағанымен, шетел фильмдері, әсіресе телесериалдары әлі де көп. Осыған орай, телекөрермендер тарапынан «Қай телеарнаны ашып қарасаң да, көбіне үнді, корей және түрік телесериалдары жүріп жатады. Оларды көрсетуді азайтып, қазақ тіліндегі телесериалдарды неге көбейтпейміз?» деген сұрақ жиі қойылады.

Ойланарлық сауал, әрине. Бұл ретте қазақстандық телекомпаниялардың қайсысы болсын эфирді өз туындыларымен толтыруға мүдделі екендігін айтқан жөн. Алайда «Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды» дегендей, олар да «көрпелеріне қарай көсілуге» мәжбүр. Қазақ тілінде телесериал түсіруге қарағанда, шетелдікін сатып алып, дубляж жасау әлдеқайда арзанға түсетіндіктен, амалсыздан осындай қадамға барады. Қалыптасқан жағдайдың алдағы уақытта түзеліп кете қоюы да неғайбіл сияқты. Себебі үшжылдық республикалық бюджетте мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2021 жылы – 53,1 миллиард теңге, 2022 жылы – 44,8 миллиард теңге, 2023 жылы 35,1 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бұл мәліметтен мемлекеттік ақпараттық тапсырысты елеулі қысқарту үрдісі көзге ұрып тұр. Мұның өзі телефильмдер өндіруге де теріс әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Ал шетелдік телефильмдер мен телесериалдардың өскелең ұрпақ тәрбиесіне әсері қандай деген сауал кімді болса да толғандырмай қоймайды. Бұл ретте діні басқа елдерде шығарылған телесериалдарды, соның ішінде, әсіресе, бұғанасы бекімеген балаларға арналғандарын қарап отырғанда көңілімізге олардағы жат жұрттардың діни әдет-ғұрыптарын ашық дәріптеу көріністері ертең жастарымыздың арасында пұтқа табынушылар мен басқа да бөтен діни ағымдар жетегіне ерушілер қатарын көбейтіп жібермес пе екен деген күдік ұялайтындығы жасырын емес. Міне, осы тұрғыдан алғанда, біздің ұлтымыздың жанына жақыны – түбі бір түрік ағайындар шығарған телетуындылар екендігі анық. Осындай ой түйгеннен кейін отандық телекомпаниялардың кейбір басшыларымен хабарласып, олардың түрік телесериалдарын неге көбірек көрсетпейтіндігін сұраған едік. «Біз де соны қаламайды дейсіз бе? «Әттең, тонның келтесі-ай...» дейтіндей жағдай болып тұр ғой. Себебі үнді және корей телесериалдарының бағасы түрік ағайындардікіне қарағанда әлдеқайда арзан...», дейді олар. Сонда «Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі құрылып, қай салада болсын өзара тиімді байланыстар өріс алған қазіргі кезде біздің шенеуніктер мен депутаттардың ішінен бауырлас елдің бұқаралық ақпарат саласының және телекомпанияларының басшыларымен осы жөнінде сындарлы сұхбат құра алатын қайраткер тұлға табылса, бұл салада да оңтайлы шешім табуға болатын шығар...» деген ой келген.
Енді, міне, оның да сәті келген сияқты. Өйткені жақында Түркияға жұмыс сапары барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева туыс елдің телевизия нарығының жетекшілерімен кездесулерге ерекше мән беріп, олардың алдында бірлескен контент құру, соның ішінде ортақ түркі мәдениеті мен тарихын танымал ету мәселелері бойынша ынтымақтастық көлемі мен сапасын арттыру жөнінде әңгіме қозғапты. Нәтижесінде, «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы мен Түркияның «TRT» мемлекеттік телерадиокомпаниясы арасында «Қорқыт ата» бірлескен телевизиялық жобасын құру туралы келіссөздерді бастау, сондай-ақ түрік тарапы түсірген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикаяны қазақстандық телекөрермендер назарына таяу арада ұсыну туралы келісімге қол жеткізілген. Бұған қоса, министр Түркияның жетекші телевизия мамандарын өзара тәжірибе алмасу аясында қазақстандық әріптестерін оқытып-үйретуге және биыл ашылған «Turkistan» телеарнасының жобаларына қатысуға шақырыпты. Бұл игі бастама алдағы уақытта нақты іске асырылып, өз жемісін береді деп үміттенеміз.
...Қалың ағайынның ішінде түрік фильмдері мен телесериалдарын ғана емес, жалпы түрік атаулыны онша ұнатпай, танауын тыжырайта қарайтындар ара-тұра болса да кездесіп қалады. Бұл – білместіктің салдары болар. Ондайларға әйгілі «Алыстағы бауырыма» өлеңінде «Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қарашаңырақ қалған жоқ па?» деп жазған ақиық ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың поэзиясын оқуға кеңес берер едік...
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар