Қоғам • 14 Сәуір, 2021

Сауда орталықтарында вакцина салады

304 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елордалық Mega Silk Way сауда-ойын сауық орталығында коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды. Бұдан басқа, тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және т.б. орындарда жүзеге асырылады.

Сауда орталықтарында вакцина салады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов­тің тапсырмасымен егу пункт­те­рі­нің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Оның жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзар­тылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бо­­­йынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

«Бүгін тестілік режімде СОО қызметкерлеріне вакцина сал­дық. Мұнда шамамен 100 адам бар. Вакциналаудан бұрын олар­дың бәрі дәрігерлердің мін­дет­ті медициналық тексеруінен өтті. Ал СОО-да бригадалар кезек­шілік етеді. Вакциналауға рұқ­сат берілгендер егіледі», деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық ден­сау­лық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Сондай-ақ ол СОО-да қала тұрғындарын жаппай вакциналау қашан басталатынын қозғап өтті.

«Бүгін қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша СОО келушілер үшін жа­бық. Сол себепті дүйсенбіде СОО-да ор­наласқан егу орта­лы­ғы тұрғын­дарымызды да, ор­та­лыққа келу­ші­лерді де вакциналауды бастайды», деді Ә.Рүстемова.

Қазіргі уақытта елордада вак­ци­наның жеткілікті мөлшері бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза келеді. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына Спутник V жаңа партиясы келіп түседі. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды. Қажет болған жағдайда халықты вакциналау пункттері бірқатар СОО мен қонақүй кешенінде ашылады.

Елордада жаппай вак­ци­налаудың бірінші күні 4 500-ден астам адам коронавирус ин­фек­циясына қарсы вакцина алды. Қоғамдық денсаулық сақ­тау басқармасының мәліметі бо­йынша бұл көрсеткіш МСАК ұйым­дарында және Mega Silk Way СОО-да ұйымдастырылған егу пункттеріндегі вакциналаудан кейін орын алып отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, вакцинаны 20 және 90 жас аралығындағы қала тұрғындары қабылдады.

«Инфекцияға шалдығуы мүм­­кін адамдардың тізімінде жа­сы­­мызға байланысты алғаш­қы­лар­дың бірі болып тұрмыз. Өткен жылы жағдай өте қор­қы­ныш­ты болды. Мен әлі де өмір сүріп, немерелерімнің қызығын көр­гім келеді. Сол себепті екпе қабылдау немесе қабылдамау тура­­­лы тіпті ойланып та жатпадым. Бізге де вакцина алуға болатынын білгенде қуанып, бірден емханаға келдім. Денсаулығым жақсы күйде өмір сүргім келеді», деді 72 жастағы қала тұрғыны Қайыргелді Жұманов.

Медицина қызметкерлері азаматтарды вакциналаудың оң үрдісін атап өтті.

«Біз екпе алғысы келетіндер көп екенін байқап отырмыз. Бұл бізді қуантады. Шыны керек, бастапқыда бұл іс қалай өтетіні туралы екіұдай ойда болдық. Жұрт КВИ вакцинасына наразы болады деп ойлаған едік, бірақ бәрі керісінше болып шықты. Көпшілік жаңалықтарды оқып, тек оң пікірлер байқағанын, ал айтарлықтай күшті жанама әсерлерді байқамағанын айтып жатыр. Көптеген адам вак­цинаның денсаулыққа зия­ны жоқ екенін, тек пайдасы мен індеттің алдын алу екенін түсінді», дейді №2 қалалық емхананың аға медбикесі.

Еске салайық, 12 сәуірде елордада коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғысы келетіндерді жаппай вакциналау басталды. 640 мыңнан астам азаматты немесе тұрғындардың 60%-ын жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштеріне сәйкес қамту жоспарланып отыр. Вакциналау қаланың МСАК ұйымдарында (ұйымдардың тізімі елорданың қоғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының сайтында көр­се­тілген) және Mega Silk Way СОО-да жүргізіледі.