Оқиға • 14 Сәуір, 2021

Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласының іргесінде орналасқан «майнинг» фермасынан өрт шықты. Бүгінде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Екібастұздағы «Майнинг» фермасы отқа оранды

«Солнечный» кентіне қарасты «BTC-KZ»-те өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:01-де түсті. «Майнинг» фермасы аумағында майнинг пен қабырғаларды қаптауға арналған жабдықтар жанған. Жалпы ауданы 150 шаршы метрді өрт шарпыды», дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Оқиға орнында 14 адам мен 3 техника жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын тек 17.37-де ауыздықталған.

Еске сала кетейік, «Солнечный» кентінде орналасқан «BTC-KZ» ЖШС бұлтты майнинг қызметін әлем бойынша үш мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді.

 

Гаухар ҚАПАШ