Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылы 12 наурызда Ақмола облысы Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарған.
Ел арасында кең танылған «Нурикамал» әнінің кейіпкері. Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән 1988 жылы жарық көрген. Нурикамалға ғашық болып қалған Тұрдықылыш Ізтаев осы әнді жазады. Ол кезде отбасының үш баласы болған.
Ханбибі Есенқарақызы бір күні жарының пианино жанында отырғанын көреді. Жарының Нурикамал есімді бойжеткенге ғашық болып қалғанын біледі. Сол сәтте жарының атынан Нурикамалға өлең жазып, «Айтқың келгені осы ма еді?» деп өлеңді жолдасына өзі әкеліп берген екен.
Бүгінде бұл ән халыққа Жұбаныш Жексенұлының орындауымен кеңінен танымал.