Қоғам • 15 Сәуір, 2021

Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы маусым басталғаннан бері 7 орман өрті және 43 дала алқаптарының жануы тіркелді, жалпы жану алаңы 217-ден астам гектарды құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 7,8 есеге аз (2020 жылы 55).

Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады

Орман-дала өрттері Ал­маты, Атырау, Жамбыл, Қы­зыл­­орда, Түркістан, Батыс Қа­зақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында орын алды.

Өткен тәулікте Алматы, Ба­тыс Қазақ­стан және Қара­ғанды облыстарында құрғақ шөп пен қамыстың 9 жануы тіркелді.

Мәселен, 13 сәуірде сағат 10.25-те Балқаш ауданының Желтораңғы ауылынан он ша­қырым жердегі учас­кеде құрғақ шөп пен қамыс жан­ды. Жа­нудың алдын алу көлемі 14 га құ­рады. Жанған жерлердің батпақты болуы және өсімдіктердің қалың өсуі сөндіру жұмыстарын қи­ындата түскен. Жануды сөндіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД мен Құрты орман шаруа­шылығынан 18 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

13 сәуірде сағат 19.24-те Балқаш ауданының Көктал ауылынан он бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс жанды. Жанудың алдын ала көлемі 5 га құрады. Жануды сөндіру жұмыстарына Алматы облысы ТЖД мен Құрты орман шаруашылығынан 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

ТЖМ орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұ­рақ­ты мо­ниторинг жүргізеді, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шара­лар, халық, орман және шаруа қожалықтарының қызмет­керлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Биылғы сәуір айының басы­нан бас­тап орман-дала алқаптары мен демалыс орындарында полициямен бірлесіп 20 бірлескен рейд (патрульдеу) (саны 954 адам болатын 240 мобильді топ) өткізілді. Оның нәтижесі бойынша заңсыз өртеу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақыланбай өртелуі, стерниді өртеу және басқа да өрт қауіп­сіздігі ережелерін бұзғаны үшін 2 адам әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері: сөндірілмеген темекі, от, жанып жатқан сіріңке, атудан кейін бықсыған шаң, майлы шүберек немесе шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен шыққан ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайлар.