Спорт • 15 Сәуір, 2021

Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталды. Бүгін сіздер бес салмақ дәрежесі бойынша өтетін бәсекелерді тамашалайсыздар. Қалған салмақтағы сұлулар ертең боз кілемге шығады, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?

50 кило салмақтағы Валентина Исламова тұсаукесер кездесуін үндістандық Сема Семаға қарсы өткізсе, келесі кезеңде моңғолиялық Анудари Нандинцэцэгпен күреседі.

53 кило салмақтағы Асылзат Сағымбай кореялық Ох Хиюнюнг және өзбекстандық Шахнозахун Махмудовамен белдеседі.

55 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айша Уәлижанның қарсыластары – кореялық Ким Хиунжу мен моңғолиялық Дулгун Мұңхболд Болорма.

57 кило салмақта Алтынай Сатылған сайысқа түседі. Ол кореялық Ли Шинху және сингапурлық Даниеле Чинг Лиммен күш сынасады.

59 кило салмақтағы Диана Қаюмова үндістандық Сарита Сарита және моңғолиялық Шоовдор Батаржавпен белдеседі.

62 кило салмақта Ирина Кузнецова боз кілемге шығады. Оның қарсыластары – Оңтүстік Кореяның өкілі Квон Юнжин мен Қырғызстанның мақтанышы Айсұлу Тыныбекова.

65 кило салмақта Гауһар Мұқатайдың өнерін тамашалаймыз. Қазақ қызы тайпейлік Ксин Пенг Пай және үндістандық Сақшы Мәлікпен шеберлік байқасады.

68 кило салмақтағы Анастасия Панассович қырғызстандық Мейірім Жұманазарова және өзбекстандық Азода Есбергеновамен күреседі.

72 кило салмақтағы Жамиля Бақбергенованың қарсыластары – кореялық Пак Сужин мен моңғолиялық Цевегмег Енхбаяр.

76 кило салмақтағы Елмира Сыздықова алғашқы айналымда қырғызстандық Айпері Медетқызымен күш сынасса, келесі кезеңде моңғолиялық Загардулам Найғалсуренмен айқасады.