15 сәуір таңғы 06.40-та «Екатеринбург-Алматы» тас жолында Балқаш қаласынан Қарағанды қаласына келе жатқан жолдың 45 шақырымында, 41 жастағы азаматтың басқаруындағы «Volvo» жүк көлігі мен 33 жастағы облыстық патрульдік полиция батальоны инспекторының басқаруындағы «Kia Rio» автокөліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы кезінде дене жарақаттарын алған көліктің жолаушысы, қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмса, көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
«Қарағанды облысы ішкі істер органының басшылығымен жеке құрамы қайтыс болған әріптесіміздің туған-туыстарымен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев Ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарды. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеген», деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.