Медицина • 15 Сәуір, 2021

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды

26 рет көрсетілді

Вакциналау кабинетінің өнер мұражайының бірінші қабатында орналасуы алматылықтардың көңілін аулауды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Өнер мұражайында қала тұрғындары өткен дәуір мен қазіргі заман шеберлерінің бай және баға жетпес туындыларымен танысуы үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.

Өнер мұражайында ашылған № 12 емханасынан мобильді егу пунктінің жұмысына байланысты бас дәрігердің міндетін атқарушы Тоғжан Әбілдаева.

«Вакцинациядан кейін пациенттер «Өнер» көрме павильонының екінші қабатына күту үшін өтеді, онда дәрігердің бақылауымен 30 минут өткізу қажет. Бұл кезде көңілге жағымды дүние мен пайдалыны біріктіруге болады», деп атап өтті.

Аталған егу пунктіне Көктем-3 ш/а, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы мекен-жайы бойынша келуге болады. Кабинеттер санитарлық нормаларға сәйкес жабдықталған.

Күту залдарында және вакцинадан кейінгі аймақта әлеуметтік қашықтық сақталған.

Екпе салғызғаннан кейінгі әсерімен бөліскен қала тұрғыны Ш.Әжібаева: «Қазір БАҚ мен интернетте вакцинация туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Мен ауырып қалмау үшін вакцина алуды жөн санадым, әрқайсымыздың үйімізде туған-туыстарымыз, балаларымыз күтіп отыр, оларға қауіп төндіргім келмейді», дейді.

Екпе салдыруға келген алматылық Светлана Косуакова бір жағынан Қастеев атындағы мұражайдың жаңа экспозициясымен де танысып үлгерді. Ол вакцина алуға жазылғаннан кейін оны мұражайға шақырғанда таң қалғанын жасырмады. Бұрын ол мұнда болып көрмеген екен.

Мұражайдың залдары кең және ауасы да желдетіліп тұрады, сондықтан кезек күтіп тұрудың да ұажет шамалы. Алматы тұрғындары вакциналауға алдын ала жазылған. Ешқандай қарбалас жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Ақыретке дейінгі адалдық

Өнер • Бүгін, 10:23

Ұқсас жаңалықтар