Аймақтар • 15 Сәуір, 2021

Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық балуан Валентина Исламова Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды

50 кило салмақтағы Валентина Исламованы қалай мақтасақ та жарасады. 2019 жылғы әлем чемпионаты мен соңғы екі Азия біріншілігінде қола медальді иеленген жерлесіміз бастапқы үш кездесуде де қарсыластарын бір минутке жеткізбей, айқын ұтқан еді.

Финалда өзбекстандық Жасмина Иммаева да Исламоваға жарытып қарсылық көрсете алмады. Бұл жолы қарсыласының осал тұсын табу үшін Валентинаға 1 минут 45 секунд жеткілікті болды. Осылайша, Валентина Исламова Азия чемпионы атанды.