Спорт • 15 Сәуір, 2021

Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды

1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды

Бұған дейін біз 50 кило салмақтағы Валентина Исламованың алтыннан алқа тағынғаны жайында жазған едік. Дәл сондай мүмкіндік Елмира Сыздықова да болды. 76 кило салмақта сайысқа түскен қазақ балуаны тұсаукесер кездесуінде қырғызстандық Айпері Медетқызынан жеңілген еді. Одан кейін қазақ қызы екі бәсекеде айқын басымдық танытты. Осылайша, сыралғы қарсыластар финалда қайта жолықты. Бұл жолы Елмира Айперіні алып ұрып, таза жеңіске қол жеткізді.

Алғашқы айналымда 55 кило салмақтағы Айша Уәлихан кореялық Ким Хиунды қапы қалдырып, екінші кездесуде моңғолиялық Дулгун Мұңхболд Болормаға есе жіберді. Үшінші кезеңде өзбекстандық Мадина Осмонжановаға Айшаның әлі жетпеді. Десек те бір жеңістің өзі жерлесімізге қола медальді иелену үшін жеткілікті болды.

Ал 59 кило салмақтағы Диана Қаюмова пен 68 кило салмақтағы Анастасия Панассович қатарынан екі кездесуде сәтсіздікке ұшырап, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13