Спорт • 15 Сәуір, 2021

Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Азия чемпионаты: Ертең кімдер күреседі?

Бұл жарыстың қалай аяқталғаны жайында біз бұған дейін егжей-тегжейлі баяндаған едік. Ертең тағы бес салмақта бәсекелер өтеді. Сол жарыстың алғашқы айналымында Қазақстанның балуандары мына спортшылармен шеберлік байқасады:

53 кило салмақтағы Асылзат Сағымбай кореялық Ох Хиюнюнг және өзбекстандық Шахнозахун Махмудовамен белдеседі.  

57 кило салмақта Алтынай Сатылған сайысқа түседі. Ол кореялық Ли Шинху және сингапурлық Даниеле Чинг Лиммен күш сынасады.

62 кило салмақта Ирина Кузнецова боз кілемге шығады. Оның қарсыластары – Оңтүстік Кореяның өкілі Квон Юнжин мен Қырғызстанның мақтанышы Айсұлу Тыныбекова. 

65 кило салмақта Гауһар Мұқатайдың өнерін тамашалаймыз. Қазақ қызы тайпейлік Ксин Пенг Пай және үндістандық Сақшы Мәлікпен шеберлік байқасады.

72 кило салмақтағы Жамиля Бақбергенованың қарсыластары – кореялық Пак Сужин мен моңғолиялық Цевегмег Енхбаяр.