ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021

Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жастар ресурстық орталығы» мамандарының қатысуымен Өскемен қаласының қоғамдық көліктерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өткізілді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Өскемендік жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері волонтерлар мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мамандарының қатысуымен Өскемен қаласының қоғамдық көліктерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1424 Call орталығының танымалдығын арттыру бойынша плакаттар жапсыру және халық көп жиналатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшаларды тарату бойынша «Адал қол, адал жол» акциясын өткізді.

Аталған акция қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді күресте азаматтардың санасын өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитетті қалыптастыру қажет, сондай-ақ қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес», деп атап өтті облыстық штаб жетекшісі А.Есімбекова.

Жалпы, осы акция аясында 1500-ден астам плакаттар мен брошюралар таратылды.