Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Вокзалдардағы шектеулер туралы

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мем­ле­кеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына байланысты «қызыл аймақта» орналасқан темір жол вокзалдарына күтіп алушы және шығарып салушы адамдардың кіруі шектелген.

Вокзалдардағы шектеулер туралы

«Сондықтан біз жолаушы­лар­дан сапарларын алдын ала жоспарлап, әр өңірдегі сани­тар­лық-эпи­демиялық жағ­­­­дай­­ды нақтылауды сұ­рай­мыз. Ко­­ронавирус пан­демиясы мен жағдай туралы барлық ақпаратты Қазақстан Рес­пуб­ликасы Денсау­лық сақ­тау министрлігінің же­дел же­лі телефоны-1406 жә­не сайт­­тан білуге болады: https://www.coronavirus2020.kz/. Жо­­лау­шылардан темір жол вок­зал­­­да­ры аумағында және жолда бүр­кемелеу режімін сақтауды сұ­раймыз. Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, вокзал бо­йынша кезекшіге және вагон жолсерігіне хабарласыңыз», дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қыз­меті.