«Short Brothers» (Қазақстан), «Қазақфильм» және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен «Zerde Films» (Қазақстан) компаниясы түсірген «Сары мысық» фильмі бұрынғы қылмыстық өмірін біржола тастап, өз кинотеатрын салуды армандайтын Кермек есімді жігіттің оқиғасын баяндайды.
Айта кету керек, фестиваль аясында конкурстық бағдарламада Ә.Ержановтың қысқа метражды «Бақытжамал» (2007 ж.) және «Ұлболсын» (2020 ж.) көркем фильмдері көрсетіледі. Биыл фестивальға барлығы 92 картина қатысады.
goEast кинофестивалін 2001 жылы Неміс кино институтының директоры Клаудия Диллман құрды. Фестивальдың негізгі міндеттері – Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің мәдени дамуы туралы білім деңгейін арттыру, сонымен қатар әртүрлі кино мектептері арасындағы диалогты тереңдетуге үлес қосу. Фестивальді 2017 жылдан бері Хелен Герритсен басқарады.