Аймақтар • 19 Сәуір, 2021

ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда

«18 сәуірде Шар өзенінде балықтардың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Аталған су қоймасы «Ақтайлақ» шаруа қожалығының қарамағына бекітілген. Сол жерге келіп жеткен мамандар өлі балықтардың жағалаудан 800 метрдей қашықтықта жатқанын көрді. Қырылған балықтың жалпы салмағы – 450 келі. Көзбен шолу кезінде балықтарға қандай да бір зақым келгені анықталған жоқ», делінген хабарламада.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Өзеннің орталық бөлігінде су тереңдігі 80 сантиметр ғана. Алдын ала мәлімет бойынша балықтың қырылуына су қоймасының таяз жерлерінің қатуы себеп болуы мүмкін.