Руханият • 19 Сәуір, 2021

Ілім адамға не үшін қажет?

1673 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ілім өте құнды дүние. Шынайы ілім адамға өз әлсіздігін, кемшілігін және Раббының үстемдігін, ұлылығын көрсетеді. Жаратушысына болған қорқынышын және құлдарға болған қарапайымдылығын арттырады. Құлдардың ақыларына мән беретін болады. Осындай ілімді үйрету және үйрену парыз. Бұл пайдалы ілім. Ілім ықыласпен ғибадат жасауға себеп болады. Ілімнің емі екі нәрсені білумен іске асады. Біріншісі, ілімнің құнды, абыройлы болуы, салих ниетке байланысты. Ілімді надандықтан және нәпсінің қалауынан құтылу үшін үйрену керек.

Ілім адамға не үшін қажет?

Екіншісі, ілімімен амал ету керек және өзгелерге үйрету керек, бұл екі нәрсені ықыласпен жасау керек. Амал және ықыласпен болмаған ілім зиянды болады. Хадис шәрифте: «Алла үшін болмаған ілім иесі жаһаннамда оттың үстіне отырғызылады» деген. Мал-мүлік, атақ-абырой үшін ілім иесі болу осыған жатады. Дүниелік нәрселерге қол жеткізу үшін ілім үйрену, яғни дінді дүниелік нәрсеге құрал ету, алтын қасықпен нәжіс жеуге ұқсайды. Дінді дүниелік табысқа құрал еткендер дін ұрылары болып табылады.

Хадис шәрифте: «Дін ілімдерін дүние табу үшін қолданғандар, жаннаттың иісін де иіскей алмайды» дейді. Екінші бір хадис шәрифте: «Бұл үмметтің ғалымдары екі түрлі болады: біріншілері, ілімдерімен адамдарға пайдалы болады. Олар адамдардан ешнәрсе күтпейді. Мұндай адамға теңіздегі балықтар мен жер бетіндегі жануарлар және аспандағы құстар да дұға етеді. Ілімінің өзгелерге пайдасы болмаған, ілімін дүние табу үшін қолданғандардың бастарына қияметте жаһаннамдағы оттан жасалған жүген салынады» делінді.

«Ғұламалар пайғамбарлардың мұрагерлері» деп айтылған хадис шәрифте. Исламға мойынсұнған ғұлама айналасына нұр шашқан жарық көзі сияқты болады. «Қиямет күні бір діндар адамды алып келініп жаһаннамға тастайды. Жаһаннамдағы таныстары оның қасына жиналып, сен дүниеде Алланың әмірлерін айтатын едің. Неге бұл азапқа душар болдың, дейді. Иә, мен — күнә істемеңдер, дейтін едім, бірақ өзім істейтін едім. Соның  жазасын тартудамын» дейді». Пайғамбар (с.ғ.с): «Миғраж түні көкке көтеріліп бара жатқанымда адамдарды көрдім. Олар оттан жасалған қайшылармен еріндерін кесіп жатыр еді. Бұл адамдардың кімдер екенін Жәбірейілден сұрадым. Үмметіңнің хатибтері, уағызшылары, өздерінің орындамаған нәрселерін елге орындаңдар дегендер, еді» дейді.

Хадис шәрифте: «Қиямет күні азаптардың ең ауыры, ілімі өзіне пайдасы болмаған діндарларға болады» деп бұйырған. Сондықтан мунафықтар, яғни мұсылман болып көрінетін кәпірлер, жаһаннамның түбіне кетеді. Өйткені олар естіп, біліп тұрып, қасарысып, кәпір болғандар. Хадис шәрифте: «Жаһаннамда азап тартып жатқандардың кейбіреулері жаман иіс шығарады. Бұл иіс өзгелерге оттан да ауыр азап береді. Сен мұнша саситындай қандай күнә істедің деп сұралғанда, мен дін адамы едім. Білгендерімді орындамайтын едім» дейді.

Әбуддәрда “радиаллаһу та’ала анһ” былай дейді: «Ілімімен амал жасамайтын дін адамына ғұлама делінбейді». Ібіліс барлық діндерді білетін еді. Бірақ іліміне амал жасамады. Шөлде қалып қойған адамның қасында он түрлі қылыш және әр түрлі қарулар болса, бұларды қолдануды жақсы білсе және ер жүрек болса, өзіне шабуыл жасаған арыстанға қарсы қолданбаса, бұл қарулардың пайдасы бола ма? Әрине болмайды. Осы сияқты, дін ілімдерінен жүз мың мәселе үйренсе, бұларды қолданбағасын пайдасын көрмейді. Ауру болған адам дертіне ең пайдалы дәріні тапса, бірақ, оны қолданбаса, пайдасын көрмейді.

Суфяни Сәури “рахимә һуллаһу та’ала” былай дейді: «Жаһаннамда оттан бір шұңқыр бар. Бұл шұңқырда риягер қарилер азап тартады». Тағы да Суфян былай дейді: «Ілімде жоғарылағаным соншалық, бір аятқа отыз үш түрлі мағына беретін едім. Сұлтанның шақыруына бардым. Жеген тағамдарымның әсерінен білгендерімнің барлығын ұмыттым». Мұхаммед бин Сәләмә “рахимәһуллаһи та’ала” былай дейді: «Дүние пайдасы үшін үкімет адамдарының есігінде күткен бір қаридің (дін адамының) халі, лас нәрсенің (нәжістің) үстіне қонған шыбынның халінен де жаман» деген  екен.