Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы барысында жыл басынан бері автокөлікте қанша өрт болды, жанудың негізгі себептері қандай және өз автокөлігіңізді қалай қауіпсіздендіруге болады деген сұрақтарға жауаптар алынды.
Іс-шараны өткізу барысында Полиция департаменті мен Нұр-Сұлтан қаласының автоәуесқойлар клубтарымен бірлесіп автошеру өткізу, техникалық қызмет көрсету станцияларына барып, онда тікелей көлік құралында кеңес беру, өрт қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларын түсіндіру мен әңгімелесу жүргізілді.