Қоғам • 20 Сәуір, 2021

Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түнгі жарысқұмарлар Алматының қақ ортасында ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды

Арнайы іс-шараны қалалық полицияның қатардағы бөлімдерінің күштері жүргізді.

– Біз түнгі жарыс әуесқойлары арасында ең танымал орындарды таңдадық және анықтадық, онда арнайы жергілікті рейдтер өткізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ тұрғындардың уайымдарын негізге алдық, тез және қатты айдау арқылы әуесқойлар олардың тыныштығын бұзады. Осылайша кеше кешкісін біздің ауданның аумағында нақты жүргізілген іс-шара жұмыстарының нәтижесінде 30-дан астам жол ережелерін бұзған тұрғын анықталды. Атап айтқанда, тыныштықты бұзудың бес фактісі, мас күйінде көлік құралын басқарудың екі фактісі, автокөліктің резонаторын гүрілдеуішке қондыру арқылы көлік құралын заңсыз жабдықтаудың жеті фактісі, жүріс бөлігінен өту ережесін бұзудың жеті фактісі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіз көлік құралын басқарудың үш фактісі және т.б. анықталды. Тоғыз көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар полицейлер қалада гүрілдеуіштерге орнатылған резонаторлар, тікелей ағыны бар көліктердің жұмысына бақылауды күшейткенін еске салды. Бұл көліктердің қозғалысы көбінесе агрессивті, әдетте, үнемі азаматтардың тыныштығын бұзатын сигналдармен және басқа да дыбыстармен жүреді. Тәжірибе көрсеткендей, автокөлік жүргізушілерінің бұл бөлігі әсіресе түнде белсенді болады. Тұрғын үйлері қаланың үлкен көшелеріне жақын орналасқан тұрғындар ең көп зардап шегеді.

Осыған байланысты мамандандырылған батальон мен жол-патрульдік полиция полкінің жеке құрамы көліктің осы түрін анықтауға және ұстауға, заңға сәйкес шаралар қабылдауға бағытталған.