20 Сәуір, 2021

Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды

392 рет көрсетілді

Адам өлтіріп қылмыс жасап, 8 жыл бойы полицейлерден жасырынған күдікті сотталды. Қарағанды облыстық қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды egemen.kz

Сотталушы Нысамбаев қылмыстық кодекстің 96-бабы 1-бөлігі «қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

2012 жылдың 12-мамырында сотталушы Нысамбаев қаза тапқан кісінің 13 жеріне пышақ сұққаны анықталды.

Еске салайық, 2012 жылы Қарағанды кафелерінің бірінде 24 жастағы Рашит Көкшолақов пышақ жарақатын алып, көз жұмған еді. Оны өлтірген күдікті полицейлерден 8 жылдан бері бой тасалап келді, тіпті халықаралық іздеу жарияланған болатын. Өткен жылы оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстады.

Гаухар ҚАПАШ


Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар