Спорт • 21 Сәуір, 2021

Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалдық сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты

Біз бұған дейін қыздарымыздың екеуі финалға шығып, үшеуі ақтық сынға жолдама алғаны жайында жазған едік.

Кешкі бағдарламада ұлдар күш сынасты. Алғашқы болып рингке аса жеңіл салмақтағы Санжар Ташкенбай көтерілді. Ол үндістандық  Бишвамитра Чонгтамны жеңді.

Командалық әріптесінің жеңісті жолын 56 кило салмақтағы Ерболат Сабыр жалғастырды. Қандасымыз Еуропа біріншілігінің жеңімпазы деген атағы бар ресейлік Алексей Шендрикке шаң қаптырып кетті.

60 кило салмақтағы Елнұр Сүйінбай да ел сенімін ақтады. Ол колумбиялық Джон Оробионы жолынан ығыстырды.

64 кило салмақта сайысқа түскен Сабыржан Аққалықовтың айдарынан жел есті. Жалынды жас үндістандық Анкит Нарвалды еш қиналмай ұтты.

75 кило салмақтағы Диас Молжігітов пен ресейлік Михаил Усов арасындағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Алғашқы раунда Диас 1:4 есебімен ұтылғанымен, келесі раунда қарқынын күрт күшейтті – 5:0. Бәсекені соңғы бөлігі де өте қарқынды өтті. Төрешілер біраз ойлана-толғана келе Еуропа біріншілігінде күміс медальді иеленген боксшының қолын көтерді.

Осылайша, Қазақстанның ұлдар құрамасының төрт бірдей мүшесі финалдық сайыста күш сынасу құрметіне ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше