Ғылым • 21 Сәуір, 2021

Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды

7004 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XXI ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Шығыста ғылымға ден қойып, тың жобаларды қолға алған жастар жоқ емес. Олар үшін жоғары оқу орындары барынша мүмкіндік жасап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды

Жуықта «Жастар шығармашылығы - Қазақстанның инновациялық дамуы» атты студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өткен.

Конференция Ғылыми зерттеулердің 8 бағытын қамтыды. Олар; құрылыс және архитектурадағы инновация, машина жасау, транспорт және агроөнеркәсіп саласындағы инновация, тау-кен металлургия саласындағы көкейкесті мәселелер, экономиканы басқару мәселелері, қоғамның инновациялық дамуы, білім, ғылым және техникадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, энергия үнемдеу және материалтану, инновациялық процестердің дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен шет тілдерінің рөлі, әскери ғылым және дене шынықтыру.

Шараға еліміздің 19 университеті мен ҒЗИ жас зерттеушілері, ТМД елдерінің 2 университеті қатысты. Студенттер, магистранттар мен аспиранттар инновациялық идеялармен алмасты.

Сонымен қатар, Ғылым апталығы кезінде университеттің барлық дерлік мектептері түрлі конкурс ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтады. Мәселен, Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар мектебі «Мен болашақ кеншімін» атты эссе конкурсын ұйымдастырды. Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі «Своя игра» зияткерлік ойынын өткізді. Сәулет, құрылыс және дизайн мектебінің студенттері «BIM-жобалау-құрылыстың болашағы» шеберлік-сыныбына қатысып, мағлұмат алды.

«Жастар шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуы» атты VII Халықаралық ғылыми-техникалық конференция қорытындысы бойынша, үздік жұмыс авторлары алғыс хаттарме марапатталды.