Қазақстан • 21 Сәуір, 2021

Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды

13 рет көрсетілді

Бұл мүлік иелерінің 962 бірлестігі және 1 645 жай серіктестік. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, ал аутсайдерлер қатарында БҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстары бар, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа тетіктері туралы баяндады.

«Басқарудың жаңа формалары «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді. Әрбір МИБ өзінің ағымдағы және жинақ шотын ашады. Осылайша, бұл принцип әр үйді жеке басқаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ПИК, пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері, тұрғын емес үй-жайлар, тұтыну кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыстарын жалғастыратынын атап өткім келеді. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін олар акт бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің кеңесіне барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беріп, заңнамада белгіленген тәртіппен таратылуы тиіс»,  деп атап өтті спикер.

МИБ немесе ЖС құру процедурасы Заңда және нормативтік құқықтық құжаттарда қарастырылған. Ең бастысы, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері белсенді болып, жиналыс ұйымдастырып, МИБ немесе ЖС құру туралы шешім қабылдауы керек.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар