21-22 сәуірде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар учаскелері мен елді мекендеріне аэровизуалды бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті аймақтарды әуеден бақылау жұмыстарына ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің басшылары, әкімдерінің орынбасарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ұшу барысында Ақмола облысының Целиноград, Астрахан, Атбасар, Сандықтау, Зеренді аудандарының және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл, Аққайың, Тайынша, Есіл, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын аудандарының қауіпті учаскелері мен елді мекендері тексерілді. Есіл және Жабай өзендерінің арнасын бойлай ұшқан арнайы топ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны қаупі едәуір сейілгенін аңғарды.
«Ақмола облысының аумағында жоспарлы ұшу су тасқыны жағдайы қалыпты екенін көрсетті. Жалғыз қауіп Колутон өзенінің кей бөліктерінде байқалады. Бір апта бойы су деңгейі көтерілген. Қазір ол төмендеуде. Шамамен 10-14 күннен кейін жағдай қалпына келуі тиіс», деді Юрий Ильин.
Өз кезегінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов барлық өзендерде судың төмендеуі байқалатынын және су айдындары өз арналарына кіргенін айтты.
Сонымен қатар Юрий Ильин әуеден бақылау барысында орман пайдаланушылары мен шаруа қожалықтары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында орман алқабы маңындағы құрғақ шөпті жоспарлы өртеу жұмыстарына кіріскенін ескертті.
Министрдің сөзінше, көктемде бұл жұмыстар көбінесе бақылаусыз жүргізіледі және ірі өрттердің туындауына себеп болады. Олар бұл жұмыстарды қар ери салысымен бастап кетеді. Алайда құрғақ шөпті жағу жұмыстары жүргізілген жағдайда, шаруалар ТЖ департаменттеріне хабарласуы тиіс. Бұл факт теріс салдарға әкеп соқтырмас үшін алдын ала ескерту қажет.
Келесі бағыт Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өтті. Ұшу барысында Есіл өзені арнасының төменгі жағында су деңгейі көтеріліп, су өзен бойын толтыратыны анықталды. Қазіргі уақытта су тасқыны Есіл ауданының Покровка ауылының маңында өтуде. Су деңгейінің көтерілуі шекті белгілерге жеткен жоқ. Өзен арнасы таза, мұз құбылыстары байқалмайды.
Іс-шара соңында министр Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны жағдайын бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар