Спорт • 23 Сәуір, 2021

Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің финалдық сайыстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады

Жарыс жолына шыққан 10 жігітіміздің тең жартысы жарты жолға жетпей сүрінсе, 75 кило салмақтағы Диас Молжігітов қола медальді қанағат тұтты. Ал бүгін төрт өреніміз бас жүлде үшін таласады.

Атап айтсақ, Санжар Ташкенбай (49 кило) ресейлік Роберт Бадалянмен,

Ерболат Сабыр (56 кило) үндістандық Сачинмен,

Елнұр Сүйінбай (60 кило) жапониялық Рейко Цуцумимен және Сабыржан Аққалықов (64 кило) украиналық Бозорбой Матякубовпен күш сынасады.