Спорт • 23 Сәуір, 2021

Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан құрамасы өзінің кезекті оқу-жаттығу жиынын жер жәнатты – Жетісуда өткізуде. 21 сәуірде басталған бұл жиын 1 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда

Ұлттық командамыздың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Алматы облысы аумағында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына мына балуандары шақыртты.: Мағжан Шамшадин, Дамир Болатбеков,и Ерлан Серікжанов, Елдос Жұмақанов, Айболат Ыстыбай, Жансай Смағұлов, Данияр Шамшиев, Аңсарбек Ғайнуллин, Дидар Хамза, Мәди Амангелді, Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, Ислам Бозбаев, Ерсұлтан Мұзаппаров, Айбек Серікбаев, Арман Қалиев, Ерасыл Қажыбаев,  Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев және Еламан Ерғалиев. 

Жиын аяқталған бетте балуандарымыз Ресейдің Қазан қаласында өтетін Grand Slam турниріне аттанады. Айтулы дода 5-7 мамыр аралығына жоспарланып отыр.