Бұл күні ол жұмыста да емес еді, шешесі мен қарындасын машинасымен дүкенге апарған. Көрші көшеден шығып жатқан қара түтінді алдымен оның анасы көреді. Евгений ешнәрсеге алаң қылмай күйіп жатқан үйге жетіп барады. Далада тұрған әйел мен жас балалар үйде отағасының ұйықтап жатқанын айтады. Жас өрт сөндіруші күйіп жатқан үйге қойып кетіп, ұйықтап жатқан еркекті аман алып шығады. Сонымен бірге ол үйден 27 литрлік газ балонын да шығарады. Тек осыдан кейін ғана оның әріптестерін шақыруға қолы тиеді.
Екі машинамен жеткен өрт сөндірушілер үйді толық жанып кетуден аман алып қалды. Үй иесі әйел облыстық ТЖД бастығы Р. Камаловтың атына алғыс жазып, Е. Борисенконың еңбегіне рахмет айтты.