Пікір • 26 Сәуір, 2021

Өз ұстанымымда қалдым

778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шын мәнінде біз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Мәселен, шаруалар разы болып отырған бір мәселені айта кетейін.

Өз ұстанымымда қалдым

 

Бұл – жалға берілетін жер мәселесінде олардың құқықтарды қайта табыстай алуы болып отыр. Осы мәселе бұрыннан бері қордаланып келген еді. Бүгінде жерге маңдай терін төгіп жүрген шаруаларға оңтайлы мүмкіншілік пайда болды. 49 жылдан соң жермен нақты жұмыс істеп, мал бағып, қора, үй салып отырған шаруа оны өз ұрпағына қалдыра алады.

Рас, мен шаруалардың жекеменшігіне жер беру ұстанымын қолдаған болатынмын. Өкінішке қарай, қазір қоғамның, комиссия мүшелерінің көзқарасына байланысты, жерді жекеменшікке беруге қатысты 5 жылға мораторий жариялау ұсынылды. Яғни бұл мәселе 5 жыл кейінге қалдырылды деген сөз. Әрине, көпшіліктің үнін естідім, пікірімен санасамын. Алайда жерді жекеменшікке бермеуге дауыс бергенім жоқ. Өз ұстанымымда қалдым.

 

Алмазбек САДЫРБАЕВ,

«SHOPAN ATA» Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы» дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы