Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Санжар Тәшкенбай елорда әкімдігінің грантын иеленді

984 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу грантын бөледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санжар Тәшкенбай елорда әкімдігінің грантын иеленді

«Польшада бокстан жастар арасындағы өткен әлем чемпионатында елорда тұрғыны Санжар Ташкенбай бірінші орынға ие болды. Санжар 11-сыныпта оқиды, мектептен кейін өмірін толықтай спортқа арнауды шешті. Санжарға жоғары оқу орнында оқуға грант бөлеміз, ақшалай сыйақы табыстадық. Сонымен қатар жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы ай сайын 170 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Жаттықтырушының еңбегін де атап өттік», деп жазды әкім.