Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Киіктердің әуе есебі жүргізілуде

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда ел аума­ғындағы киіктердің санын анықтау үшін арнайы әуе есебі жүргізілуде. Ес­ке сала кетейік, 2020 жы­лы карантиндік шектеу­лерге байланысты әуе есебі жүргізілмей қалған болатын.

Киіктердің әуе есебі жүргізілуде

Әуе есебін «Охотзоопром» РМҚК қызметкерлері, Орман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі комитетінің об­лыстық аумақтық инспекция­сы және Қазақстандағы био­алуантүрлілікті сақтау қа­уым­дастығының ғылыми мамандары бірлесіп жүргізуде.

Қазіргі таңда елімізде «Охотзоопром» инспек­тор­­ларының екі есеп тобы жұмыс істеуде. Олардың біріншісі – Бетпақдала популяциясына, екіншісі Орал және Үстірт популяцияларына есеп жүргізуде. Есепке тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.

2019 жылы жүргізілген есепке алу жұмыстарына сәйкес Қазақстандағы киіктердің саны 334 400 басты құрады.

Осы кезеңде ақбө­кен­дердің әуе есебі Батыс Қазақ­стан, Ақ­төбе және Маңғыстау об­­лыс­тарында (Орал және Үс­тірт тара­лымы) аяқталды жә­не Бетпақдала популяция­сын есепке алу бойынша Қа­рағанды, Ақмола облыста­ры­ның аумақтарында жал­ғасуда.

Киіктердің әуе есебін 2021 жылдың 5 мамырына дейін аяқтау жоспарлануда.