Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Бірегей медициналық орталық

100 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін ядролық ме­ди­цина орталығы ашылды. Қатерлі ісік аурулары мен басқа да патология­лар­ды ерте кезеңдерде анық­тауға және оны сәтті ем­деу­ге мүмкіндік беретін ма­ңызды­ медициналық ме­ке­менің­ іске қосылуы бір­­қа­тар мердігердің жа­уапсыздығынан қайта-қайта кейінге қалдырылып келген еді. Жауапсыз мер­ді­герлер жұмысты мер­зі­­­мінде аяқтамағаны өз алды­на, науқастардың кө­­­мек­­ке мұқтаждығын да ес­­­кер­меген.

Бірегей медициналық орталық

Естеріңізге сала кетсек, сұ­йық радиациялық қалдықтар сақ­­­талатын және жойылатын бө­лімді Үкімет комиссия­сы бір­неше рет тексерген. «Мед­тех­­ника» кәсіпорнының орта­лы­ғына орнатып қойған жаб­дық­­тың қауіптілігін медицина қыз­меткерлеріне ғана емес, Ұлт­­тық ядролық орталықтан арнайы шақырылған ғалымдарға да дәлелдеуге тура келді. Олар сақ­тауға арналған ыдыс­тар­дың қауіпсіздік талаптарына сәй­кес келмейтіндігін, ор­та­лық­тың қызметкерлері мен п­а­циенттеріне қауіп төнді­ре­ті­нін анықтады. Бұған дейін ғима­рат­тағы желдету жүйесі де үлкен проб­лема болған.

Сұйық радиоактивті қал­дық­тар сақтауға арналған жаңа бөлімшені салу туралы стра­тегия­лық шешімді облыс әкімі Даниал Ахметов 2019 жылы қабылдаған еді. Бастысы, азаматтар үшін қауіпсіз болу керек­ті­гіне назар аударған аймақ бас­шысы медициналық техни­ка орнатылған жабдықтары бар бөлімше жобаға сәйкес емес екендігін растаған. Сөйтіп жаб­дықты бөлшектеу туралы тү­кпі­лік­ті шешім қабылданғанға дейін ұзақ­қа созылған сот процесі ба­с­­талған. Егер орталықтағы ақау­лар уақытында жойылмаса, соңы неге әкеліп соғарын елес­­тетудің өзі қорқынышты еді. Ядролық орталық медици­на қыз­меткерлері үшін ғана емес, Семей тұрғындары үшін де қа­уіп­ті нысанға айналуы мүмкін еді. Өйткені сұйық радиоактивті қалдықтар жерасты суларына да түсіп кетуі мүмкін.

БАҚ өкілдері шақырылмаған «жек­пе-жек» жиналыста (14.04.2021 жылы) сөйлеген кә­­­сіпорын бас директорының мін­­­­детін атқарушы жаңадан сатып алынған сұйық радиа­ция­лық қалдықтарды кәдеге жарату жүйесі бұрын орнатылғанымен бірдей екенін айтқан. Ол осы сөзімен өздеріне осы уақытқа дейін жала жабылып келді де­ген­ді меңзесе керек. Бірақ атал­ған нысанда бірнеше рет жұ­мыс істеген, барлық құжат­та­маны, барлық нормалар мен шарттарды егжей-тегжейлі зерттеген үкіметтік комиссия, осы жаб­дықта жұмыс істеуге тиіс ма­мандар, бөлшектеу туралы ше­шім қабылдаған сот өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сол кездегі Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой орталықтың жұмысындағы бірқатар мәселені атаған-ды.

Бүгінде Ядролық медицина орталығы – облыстағы үл­кен медициналық кластердің бір бөлігі. Оны іске қосу үш кезеңде жүзеге асырылады. Қа­зір­дің өзінде диагностиканың ең заманауи және тиімді әдісін пайдалануға мүмкіндік беретін бір фотонды эмиссиялық ком­пью­­­терлік томограф орна­тыл­ған радиоизотопты диагнос­­ти­ка бөлімшесі өз жұмысын бастады. Бөлімшеде 16 медицина қызметкері жұмыс істейді. Атап айтсақ, ядролық медицина, радиохимия, радиофармацевтер, медициналық физиктер, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженерлер бар.

Екінші кезең – радио­нук­лид­тік терапияны енгізу, ал үшінші кезең – ПЭТ-диагностика және ең заманауи циклотрондағы 18 F-фтордезоксиглюкоз радио­фар­м­препаратын өндіру.

Бұл орталықты бірегей меди­циналық ғимарат деп айту­ға болады. Сол үшін де ашылуын жүздеген адам күтті. Өкі­ніш­­ке қарай, мердігерлердің «нем­құ­райдылығына» байланысты кейбірі Семей қаласының ядро­лық медицина және онко­ло­гия­лық орталығынан қажетті ем ала алмады. Семей қаласының ядролық медицина және онко­ло­­гиялық орталығының бас дә­рі­­гері Марат Сандыбаевтың айтуын­­­­­­ша, орталықтың көмегіне жыл сайын 600-ге жуық адам мұқ­­таж. Егер орталықты мерзі­мін­­де, яғни 2015 жылы салса, «Медтехника» жабдықтарын уақ­­тылы жеткізсе, 3 мың адам ем ала алар еді.

– Бүгінгі таңда бұл орталық Шығыс Қазақстан облысына ғана емес, бүкіл елге қажет. Көп­­тен күткен нысан – облыстағы елеулі оқиғалардың бірі. Дәл осы орталықта мамандар кез кел­ген адам ағзасының, қан­ның, лимфаның және зат алма­су­дың жағдайын бағалап, ауру­лар мен қа­терлі ісіктерді дер кезінде анық­тап, оны емдеу үшін функ­цио­налдық диагнос­ти­ка жүргізе алады, – дейді М.Сандыбаев.

 

СЕМЕЙ