Елорда • 29 Сәуір, 2021

«Астана Опера» маңындағы көпірде жол апаты болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «ГАЗель» жүргізушісі «Астана Опера» театрының маңындағы көпірде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Астана Опера» маңындағы көпірде жол апаты болды

Апат туралы әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды.

«28 сәуірде сағат 20:15-те «ГАЗ-3302-288» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай бара жатып, жол белгісін елемей, көлік құралының өлшемдерін ескерместен тоннель қабырғасының қаптама тақтасын қағып кетті. Апаттан зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады елордалық полицейлер.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Материал бойынша процестік шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. Елордалық полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысының барлық белгісі мен ережесін қатаң сақтауды ескертеді », деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл көпірдің астында бұған дейін де апаттар болған. Өткен жылдың қазанында жүк көлігі жаяу жүргіншілер көпірінің астындағы жолға сыймай, көлікке зақым келтірген еді. Одан бөлек өткен жылдың 26-тамызында «Астана Опера» театрының маңындағы жаяу жүргіншілер көпіріне жедел жәрдем көлігі соқтығысқан болатын.