ANTIKOR • 29 Сәуір, 2021

Бұрынғы жемқорларды жұмысқа қабылдауға тиым салынады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұрынғы жемқорларды жұмысқа қабылдауға тиым салынады

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет аталған өзгертулерді баяндау барысында айтты.

Атап айтқанда,бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

«Бұл жерде маңызды мәселе – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұған дейін тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың басшы лауазымдарына қатысты болғанын атап өткім келеді. Енді биыл жыл басынан бастап күшіне енген Еңбек кодексіндегі түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды», деді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет.