Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Қарағандыда көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды

22 рет көрсетілді

Қарағандыда «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ашылды. Әлеуметтік тапсырысты «Talbesyk» көпбалалы аналар Одағы жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық көпбалалы отбасыларға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік,  тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша тегін консультациялық қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, орталықта кәсіпкерлік бастамаларды қолдайды, бизнес-жоспарларды әзірлеу мен сүйемелдеуге қолдау көрсетеді, сонымен қатар өз өндірісінің тауарларын сату және ІТ саласындағы маркетологияны үйретеді.

«Жұмысқа 10 көпбалалы ана жалдаймыз, олардың арасында заңгерлер, психологтар, әлеуметтанушылар мен консультанттар бар. Біздің орталық тегін кеңестер беріп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, қайырымдылық қолдау көрсетеді. Бұл мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге асырылатын үш жылдық жоба. Қарағандыда 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері санатында 2 мыңнан астам ана бар. Біз тек кеңес беріп қана қоймай, мәселенің түпкілікті себебін талдаймыз, заңнаманы жетілдіру бойынша заң жобасын әзірлейміз және оларды Үкіметке ұсынатын боламыз», деді көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова.

Сондай-ақ оның айтуынша көпбалалы отбасыларға қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін матиалдық та, моральдық та көмек көрсетіледі.

Аналар кеңес алып жатқанда, балаларды арнайы ойын бөлмесіне қалдыруға болады.

Соңғы жаңалықтар

Доллар қымбаттады

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар