Соғыс ардагері Николай Иванович Дёмин Петропавлдағы №2 қалалық емханаға барып, вакцина салдырған. Қарияның екпе алғанына бүгін үшінші күн, қазір жағдайы жақсы.
«Емханадан хабарласып, вакцина салдыруға шақырды. Алғашқы екі күн өзімді жайсыз сезіндім. Басым ауырды, әлсіздік болып, жаттым. Мамандар аздап ауыруың мүмкін деп мені ескертті. Ал бүгін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Еш жерім ауырмайды. Екпе алғаныма қуаныштымын, енді ауырсам да жеңіл өтеді. Сондықтан барлығын вакцина салдыруға шақырамын», дейді соғыс ардагері.